Техника Ақтөбе қаласындағы коммуналдық автотұраққа қойылды
Ақтөбе облыстық полиция департаменті қызметкерлері Өрлеу ауылындағы карьердің аумағында қандай да бір белгілері мен құжаттары жоқ БТР-60 техникасын тапты. Техниканың карьер инженеріне тиесілі екендігі анықталды.
Ер адам оны шамамен 2000 жылдары белгісіз біреуден сатып алғанын және қажет болмаған соң қайта сатпақ болғанын айтты. Нақтыласам, бұл - атуға арналған әскери техника емес, жай қаңқасы ғана. Ресейден алған, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Құжаттары жоқ әскери техникаға қатысты Қылмыстық кодекстің 386-бабы 1-бөлігі бойынша (Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу) іс қозғалып, тіркелді. Техника Ақтөбе қаласындағы коммуналдық автотұраққа қойылды.