Мен жаңа экономикалық модельді іске асыруға және дайындауға қатысты көзқарасымды жасырмаймын, - деді ол
Президент жаңа экономикалық модельге көшу қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Мемлекет басшысы қыркүйек айында жарияланатын Қазақстан халқына Жолдауында елдің экономикалық саясаты туралы өзінің көзқарасын баяндауды жоспарлап отыр.
Біз мүлде жаңа бағытқа көшу үшін Қазақстанның экономикалық дамуына тың серпін беруіміз керек. Жауапты тарихи сәт келді. Демек Қазақстан экономикасы да қазіргі деңгейде қала алмайды. Сөзсіз солай боларына сенімдімін. Үкіметтің міндеті – тиісті ұсыныстар беру. Бұл – бірінші. Екіншіден, осы ұсыныстарға сәйкес дайындалатын жоспарларды іске асыруға кепілдік беру, – деді президент.
Сондай-ақ мемлекет басышысы жаңа экономикалық модельді іске асыруға және дайындауға қатысты көзқарасын жасырмайтынын айтты.
Жақында Жоғары экономикалық кеңестің отырысын өткіздім. Ашығын айтқанда, сол жиында отандық экономистерді сынға алдым. Менің ойымша, олар істі соңына дейін жеткізе алмайды. Креативтілік жоқ. Біздің және жалпы мемлекеттің алдында тұрған міндеттерді түсінбейді. Халық бізден нақты шешімдер күтеді, өйткені ең өзекті мәселелерді шешу қажет. Халқымыздың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету еліміздің экономикасының даму тұжырымдамасына қатысты біздің ұстанымымызға тікелей байланысты. Мұны түбегейлі шешімдерсіз еңсеру қиын. Біз еліміздің экономикалық дамуына тың серпін беруге бағытталған осы өте маңызды жұмысқа бірге кірісуіміз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетсек, бұған дейін президент Екібастұз әкімдігіне «шыдамның да шегі бар» екенін ескерткенін хабарлаған болатынбыз.