Halyq Uni логотип
×

Елімізде батыстан басқа өңірдің бәрінде күн күрт салқындайды

Қатты жел де соғуы мүмкін

 Дәурен Ерболат 09.08.2023 | 13:33
Елімізде батыстан басқа өңірдің бәрінде күн күрт салқындайды
Фото: ferra.ru

Қазақстанда күн салқындап, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Елімізде ұзаққа созылған аптап ыстықтан кейін қазақстандықтар арктикалық ауаның салқынын сезінеді.

Оңтүстікте, шығыста оңтүстік циклонның әсері сақталады. Екі ауа массасының соқтығысуынан фронтальды бөлімдер шиеленіседі. Батыс өңірлерді қоспағанда, Қазақстанда жаңбыр жауады. Кейде найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел (15-25 м/с дейін) соғады.

Тек батыста ыстық ауа райы сақталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама