Келесі матч 17 тамызда болады
Футболдан UEFA Еуропа лигасы үшінші іріктеу турнирінде «Астана» клубы Болгарияның «Лудогорец» командасымен кездесіп, 2:1 есебімен ұтты.
Бұл матчта бірінші болып «Лудогорецтің» ойыншылары есеп ашты. 34-минутта Болгария клубының шабуылшысы Ноа Сундберг нысананы дәл көздеді. Одан кейін 40-минутта Жарко Томашевич таразы басын теңестірді. Осы жерде айтатын бір нәрсе, «Астана» өз алаңында бірінші болып қақпасына гол жіберіп алса да «психологиялық соққыдан» өздеріне тез келіп, араға 6 минут салғанда есепті теңестіріп кетті. Бұл да бір команданың Еуропа турнирлерінде ысылып, намысты қолдан бермеуге тырысып ойнап келе жатқанын көрсетеді. Ал одан кейін «Астана» тағы бір допты торға тулатты.
Маттың екінші таймында Александр Марочкин мергендік танытты. Ол алыстан берілген пасты тиімді пайдаланып, допты баспен қақпаны «тоғыздығына» қадады.
Осылайша Астананың клубы қарсыласынан 2:1 еесбімен басым түсті.
Енді келесі матч 17 тамызда болады.
«Астана» Еуропа лигасы плей-офф сатысына шыққан жағдайда Нидерландтың «Аякс» клубымен кездеседі. Ал егер одан ұтылса, Конференция лигасы плей-офф сатысында «Валмиера» (Латвия) және «Партизани» (Албания) командаларының арасындағы ойындардың жеңімпазымен күш сынасады.
«Лудогорец» командасына келсек, бұл клуб 2001 жылы құрылған. Содан бері өз елінің 12 дүркін чемпионы атанған. Команда 2012 жылдан бері Еурокубок ойындарында күш сынап келеді. Бірнеше рет Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңдерінде ойнаған.
Ал, «Астана» 2015-2016 жылғы футбол маусымында Чемпиондар лигасының топтық турнирінде ойнаса, 2016, 2017, 2018 жылдарда Еуропа лигасының топтық кезеңінде сынға түсті.