Halyq Uni логотип
×

Алматыда шенеунік туыстарына мемлекеттік пәтерлерді сатқаны үшін сотталды

Мемлекетке келтірілген залал сомасы 388 млн теңгеден асты

 Динара Амантай 09.08.2023 | 11:10
Алматыда шенеунік туыстарына мемлекеттік пәтерлерді сатқаны үшін сотталды
Фото: Halyq Uni

Алматыда шенеунік туыстарына мемлекеттік пәтерлерді сатқаны үшін сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Антикордың мәліметінше, Алматы қаласы №2 Медеу аудандық соты «Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС-нің директоры Р. Байтасовқа қатысты үкім шығарған. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Байтасов өзінің туыстары мен таныстарына 23 мемлекеттік пәтерді төмен бағамен заңсыз сату арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталды. Мемлекетке келтірілген залал сомасы 388 млн теңгеден асты.

Сотталушы мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама