БҚО тұрғындары ресейлік телеарналарды көп көреді – БАҚ
Өңір Ресейдің 5 облысымен шектеседі
Батыс Қазақстан облысының тұрғындары шетелдік телеарналарды көп көреді, деп хабарлады «Мой город» порталы.
Мұндай деректі «Қазтелерадио» ұлттық операторы келтірді. Бүгінде БҚО-да шетелдік спутник операторлардың ену деңгейі жоғары.
Қазір өңірде спутник телерадио хабарын тұтынатын 61 мыңнан аса пайдаланушы тіркелген. Батыс Қазақстан облысында шетелдік спутниктердің үлесі ең жоғары деңгейде. Мұны өңірдің географиялық орналасуымен байланыстыруға болады. Біз Ресейдің 5 облысымен шектесеміз, - деді компанияның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Сату орталығының басшысы Арайгүл Бекесова.
БҚО-да тұрғындар Ресейдің спутник телеарналарын көрсететін 3 оператоға қосыла алады. Олар – «Триколор», «НТВ Плюс» және «Телекарта».
- «Триколордың» стандартты пакетінде 154 арна бар. Бұл қызметті алу үшін жылына 2500 рубль (11,5 мың теңге) төлейсіз.
- «НТВ Плюсьтің» 161 арнасы бар негізгі пакетіне айына 199 рубль немесе жылына 2 388 рубль төлейсіз. Бұл – 11 мың теңге.
- «Телекартада» 240 арна бар. Оның қызметіне жылына 3 990 рубль (18,5 мың теңге) төлейсіз.
- Қазақстандық спутниктік операторларының бірінің қызметін пайдалансаңыз, 130 арнаны көре аласыз. Оған айына 3 300 теңге немесе жылына 39 600 теңгегіңізді дайындап қойыңыз.
Демек, Ресейдің операторларымен салыстырғанда Қазақстанда бұл қызмет 3 есе қымбат.
Сондай-ақ спутникті орнату үшін 30-50 мың теңге төлейсіз әрі жабдықтарды сатып алуға сонша қаражат жұмсайсыз.