Halyq Uni логотип
×

ХХХІ Универсиада: Қазақстан спортшылары табыспен оралды

Спортшыларымыз 2 алтын, 7 күміс және 11 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 20-орыннан көрінді

 Дастан Жұмабекұлы 09.08.2023 | 09:42
ХХХІ Универсиада: Қазақстан спортшылары табыспен оралды
Фото: ашық дереккөз

Қытайдың Ченду қаласында ХХХІ жазғы Универсиада өз мәресіне жетті. Дүниежүзілік ойындарға ел намысын спорттың 11 түрінен 93 спортшы студент қорғады. 118 елден келген 7500 спортшы қатысқан дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 2 алтын, 7 күміс және 11 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 20-орыннан көрінді.

2019 жылы Италияда өткен Универсиадада отандастарымыз 1 алтын, 5 күміс және 1 қола жүлдемен 25-орын алып еді. Биыл көрсеткішіміз жақсарып, 20 жүлде алды.

Енді оқырман назарына Дүниежүзілік Универсиадада ел намысын абыроймен қорғап, жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшыларымыздың тізімін ұсынамыз:

Алтын жүлдегерлер:

1. Рита Бакишева (таэквондо)

2. Милад Карими (спорттық гимнастика)

Күміс жүлдегерлер:

1. Спорттық оқ атудан ерлер құрамасы

2. Никита Чирюкин (спорттық оқ ату)

3. Елжаңа Таниева (көркем гимнастика, до)

4. Диана Тұрсынбек (садақ ату)

5. Елжаңа Таниева (көркем гимнастика, лента)

6. Нариман Құрбанов (спорттық гимнастика)

7. Милад Карими (спорттық гимнастика)

Қола жүлдегерлер:

1. Сұңғат Жұбатқан (дзюдо, 66 кг)

2. Асқар Нарқұлов (дзюдо, 73 кг)

3. Спорттық оқ атудан ерлер құрамасы

4. Елжаңа Таниева (көркем гимнастика)

5. Бекарыс Сәдуақас (дзюдо, 100 кг)

6. Бексұлтан Қоскенов (у-шу, 60 кг)

7. Айкерім Төреханова (у-шу, 60 кг)

8. Таэквондодан ерлер құрамасы

9. Семсерлесуден ерлер құрамасы

10. Милад Карими (спорттық гимнастика)

11. Әділбек Мусин (суға жүзу)

Келесі  Универсиада 2025 жылы Германияның Рейн қаласында өтеді. ХХХІІ жазғы Дүниежүзілік ойындарға Қазақстанның студент спортшылары да қатысады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама