Тоқаев Сингапур президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Ол екі ел арасындағы табысты саяси диалогқа негізделген серіктестікке жоғары баға берді
Мемлекет басшысы Сингапур президенті Халима Якобқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Халима Якобты Сингапур Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады. Президент екі ел арасындағы шынайы достық пен табысты саяси диалогқа негізделген серіктестікке жоғары баға берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев биыл мамыр айында өткен екіжақты келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Сингапур арасындағы стратегиялық байланыстарды дамыту үшін берік негіз болатынына сенім білдірді.
Айта кетсек, Сингапурдың Ұлттық күні – жыл сайын 9 тамызда атап өтілетін мемлекеттік мереке. Бұл күн Сингапурдың 1965 жылы Малайзиядан тәуелсіздігін алуына орай тойланады.