Halyq Uni логотип
×

Оқу-ағарту министрлігі мен «Қазақ тілі» қоғамы өзара іс-қимыл жоспарын құрады

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері ынталандырылады

 Халық үні 09.08.2023 | 09:16
Оқу-ағарту министрлігі мен «Қазақ тілі» қоғамы өзара іс-қимыл жоспарын құрады
фото: facebook.com/rauanga

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжехан мен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев кездесіп, министрлік пен қоғамдық ұйым арасындағы ықпалдастық мәселесі сөз болды. 

Атап айтқанда, балабақшадағы бүлдіршіндердің тілін қазақша шығару, мектептегі қазақ тілі мен әдебиетін оқыту, тіл ұстарту мәдениетін көтеру, оқу сауаттылығын арттыру мәселелері сөз болды.

Министр тіл насихатының ең ұтымды жолы – қазақша сөйлеушілердің биік өресі мен ілгері мәдениеті екендігін айтты. Келісемін.

«Қазақ тілі» қоғамының арқа сүйер басты тірегі, әрі төл ортасы – қазақ тілі мен әдебиетін оқытатын ұстаздар қауымы, сол қауымды әдістемелік тұрғыдан кеңінен қолдауға, өзара біріктіріп, жаңаша ынталандыруға, сол арқылы маңызды ортақ іске ұйытуға келістік, - деп жазды Рауан Кенжехан.

Министрлік пен «Қазақ тілі» қоғамы арасында ортақ іс-қимыл жоспары құрылады.

«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы 1989 жылы 22 қыркүйекте құрылған. Ол қазақ тілін дамытуға ынталы тіл жанашырларын біріктіретін Қазақстандағы ең ірі қоғамдық ұйым. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қолданыс аясын кеңейту, беделін арттыру, қазақ мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын насихаттау, тілді қолдану мен оны үйретуде жаңа технологиялық әдістерді пайдалану бағыттарында қызмет атқарады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама