Дәптер – 77,2%, қалам – 38,6%, түрлі-түсті қарындаштар – 41,9% көтерілген
Қазақстанда кеңсе тауарларының бағасы бір жылда айтарлықтай көтерілген, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Былтырғы шілдемен салыстырғанда, кеңсе тауарларының бағасы 2023 жылдың шілдесінде 64,4% қымбаттаған.
Мысалы, мектеп дәптерінің бағасы – 77,2%, қалам – 38,6%, түрлі-түсті қарындаштар – 41,9%, сурет альбомы – 44,1% көтерілді.