Димаш Құдайберген қазақтың ұлы ақынының туған күніне орай челлендж бастады

Дәурен Ерболат

Өлеңді жаттап немесе оқып айтуға болады

Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Танымал әнші Димаш Құдайберген қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туған күніне орай челлендж бастады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Құрметті достар мен отандастар, һакім Абай атамыздың мерекелік тойының қарсаңында челлендж бастағалы отырмын. Дәл мен секілді Абай атамыздың жүрегіңіз қалаған кез келген шығармасын жаттап немесе оқып, дәл осылай бейнетаспаға түсіріп, желіге салып таратсаңыздар, челлендждің басталғаны деп білемін.

Құрметті достар, бұл челленджді әлемдегі барлық жанкүйеріме жолдағым келеді, - деді әнші.

Димаш Құдайберген ақынның «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңін жатқа оқып берді.