«Маған қылмыскердің бәрі бірдей»: Ішкі істер министрі «Нойс» туралы сұраққа жауап берді
Оған халықаралық іздеу жарияланған
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Арман Жұмагелдиевтің («Дикий Арман» лақап атымен танымал) оң қолы Нұржан Иманәлиевке («Нойс») қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
...Маған Нұржан Иманәлиев (Нойс) деген ат ештеңе айтпайды. Мен оның кім екенін қайдан білемін? Маған барлық қылмыскер бірдей. Сондықтан кешірім сұраймын. Маған тиісті ақпаратты беріңіз, анықтайық, - деді Марат Ахметжанов Үкімет отырысынан соң.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, биыл 29 шілдеде Нұржан Иманәлиевтің үстінен қылмыстық іс қозғалып, оған халықаралық іздеу жарияланған.
Ашық дереккөздегі мәліметке сәйкес, Нұржан Иманәлиев («Нойс» лақап атымен танымал) Дикий Арманның оң қолы болған.
Бұған дейін ІІМ «Дикий Арманның» жетекшілігіндегі қылмыстық топтарды жоюға бағытталған 3 операция жүргізген еді.