Halyq Uni логотип
×

Алматыда қазақ тілін тегін үйрететін курс ашылды

Cабақтар онлайн және оффлайн пішінінде өтеді

 Дастан Жұмабекұлы 08.08.2023 | 13:07
Алматыда қазақ тілін тегін үйрететін курс ашылды
Фото: ашық дереккөз

Алматыда қала әкімі аппаратының тапсырысымен Мемлекеттік тілді дамыту институтының ұйымдастыруымен қазақ тілін тегін үйрететін курс ашылды.

Almaty.tv-ның хабарлауынша, курсқа мемлекеттік қызметшілер, этнос өкілдері мен сауда-ойын сауық орталығының, қызмет көрсету және қоғамдық тамақтандыру саласының қызметкерлері мен басқа да қала тұрғындары қатыса алады.

Оқыту тамыз-желтоқсан айлары аралығында болады. Курстағы сабақтар онлайн және оффлайн пішінінде өтеді. Бұл жерде оқыту тілді меңгеру деңгейлері бойынша топтарға бөлініп, әр топқа аптасына екі рет жүргізіледі.

Кустар Алматы қаласы аудан әкімі аппараты ғимараттары мен Алматы қаласы аудан аумағындағы кітапханаларда болады.

Қазақ тілін үйрену курсына жоғарыда көрсетілген топтарға жататын 18 жасқа толған барлық адам қатыса алады.

Байланыс телефондары:

Мемлекеттік тілді дамыту институты –  8 776 830 03 67, 8 747 793 52 64.

Аудан әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі:

Алатау – 2998649;

Алмалы – 8776 830 03 67;

Әуезов – 3032558;

Бостандық – 2755068;

Жетісу – 3842754/75; 8700 770 70 73;

Медеу – 2916434;

Наурызбай – 3074553; 8 708 767 97 41;

Түрксіб – 2231115.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама