Halyq Uni логотип
×

Рыбакина WTA үздік үштігінен шығып қалды

Әйелдердің теннис қауымдастығы (WTA) жаңа рейтингті жариялады

 Дастан Жұмабекұлы 08.08.2023 | 12:11
Рыбакина WTA үздік үштігінен шығып қалды
Фото: ашық дереккөз

Әйелдердің теннис қауымдастығы (WTA) жаңа рейтингті жариялады.

Дүниежүзілік рейтингте Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина үздік үштіктегі орнын сақтап қала алмай, төртінші орынға түсіп қалды.

Ал америкалық Джессика Пегула үшінші орынға көтерілді. Рейтингте Ига Швентек көш басындағы орнын сақтады. Беларусьтің өкілі Арина Соболенко да екінші орнын сақтап қалды.

Қазір Елена Рыбакина Канаданың Монреал қаласында өтетін WTA 1000 Мастерс турниріне қатысу үшін жаттығу жұмыстарын бастап кетті. Ол турнирді екінші айналымнан бастайды. Оның қарсыласы – америкалық теннисші Дженифер Брэди. Америкалық спортшы бірінші айналымда әлемнің 20-ракеткасы латвиялық Елена Остапенконы 7:6 (9:7), 0:6, 7:6 (10:8) есебімен жеңіп, сенсация жасады.

Брэди пен Рыбакинаның матчы 9 тамызда шамамен Астана уақыты бойынша сағат таңғы 06.30-да басталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама