Halyq Uni логотип
×

Мәскеуде Тасмағамбетов пен РФ қорғаныс министрінің орынбасары кездесті

Кездесуде ұйымның нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мәселесі сөз болды

 Халық үні 08.08.2023 | 12:04
Мәскеуде Тасмағамбетов пен РФ қорғаныс министрінің орынбасары кездесті
фото: odkb-csto.org

Мәскеу қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов пен Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин кездесті.

Тараптар ҰҚШҰ аясындағы әскери ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Одан бөлек, ұйымның нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мәселесіне де назар аударды.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ бас хатшысы қызметіне 3 жыл мерзімге тағайындалды.

2022 жылғы 23 қарашада Ереванда ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысушылар ұйымның бас хатшысы қызметіне Иманғали Тасмағамбетовті тағайындау туралы шешім қабылдаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама