ТМД ІІ ойындары: еркін күрестен құрама анықталды
Балуандар 10 салмақ дәрежесінде күш сынасады
Бүгін Беларусьтың Солигорск қаласында ТМД ІІ ойындары аясында еркін күрестен бәсекелер басталады.
23 жасқа дейінгі балуандар арасында өтетін турнирге мына спортшыларымыз қатысады:
57 кг – Ерасыл Мұхтарұлы (Жетісу облысы)
61 кг – Өсімжан Дастанбек (Алматы облысы)
65 кг – Бекзат Ермекбай (Түркістан облысы)
70 кг – Еркебұлан Шынықұл (Түркістан облысы)
74 кг – Жеңіс Қаныбеков (ШҚО)
79 кг – Арсен Өміржанов (Алматы қаласы)
86 кг – Мақсат Сатыбалды (Шымкент қаласы)
92 кг – Сержан Елеусіз (Шымкент қаласы)
97 кг – Юнус Гафуров (Жамбыл облысы)
125 кг – Омархан Надиров (Қарағанды облысы).