Шымкентте екі адам өртеніп кетті
Өрттің себебі мен материалдық залалдың мөлшері анықталып жатыр
Шымкент қаласында өрт болған жерден екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Трагедия Әл-Фараби ауданының Циалковский көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған.
100 шаршы метр алаңда ғимарат құлаған. 60 шаршы метр алаңда автомобильге қажетті сұйықтықтар жиналған, жақын орналасқан сарай, «Газель» және шатырдың астында орналасқан автомобиль сұйықтықтары (антифриз, тосол) толығымен өртенген, - дейді өрт сөндірушілер.
Өрт 05:18-де оқшауланып, 06:18-де сөндірілді.
Өрт болған жерден 1953 жылы туған және 1985 жылы туған ер адамдардың мәйіті табылды. Өрттің себебі мен материалдық залалдың мөлшері анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама жасалады, - дейді ведомство.
Айта кетері, Шымкентте соңғы бір аптада өрттен 5 адам құтқарылған, оның екеуі бала.