Полицияға ұсталған адам оқиға әйелдің кәсіби қызметіне байланысты емес, жеке қарым-қатынас салдарынан орын алғанын айтқан
Бүгін Алматы облысындағы Қарасай ауданында жұмыс орнында дене жарақатын алған медбике қайтыс болды. Әйелге дене жарақатын салды деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлады ІІМ Telegram-дағы ресми арнасында.
Ведомство мәліметінше, 7 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Қарасай ауданының ауруханасына кеуде қуысының жарақатымен 45 жастағы әйел түскенін, кейін ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болғанын хабарлаймыз.
«Аталған дерек Қылмыстық кодекстіңтің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша аудандық полицияда тіркелді. Арнайы іс-шара барысында тәртіп сақшылары 42 жастағы Кошмамбет ауылының тұрғыны болып табылатын күдіктінің жеке басын анықтап, оны бір сағат ішінде «ізін суытпай» ұстады. Қазіргі уақытта аталған деректі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сот- медициналық сараптама тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады полицияда.
Полиция қылмыс марқұм әйелдің жұмыс орнында жасалғанын айтты.
ІІМ өкілдеріне ұсталған адам оқиға әйелдің кәсіби қызметіне байланысты емес, жеке қарым-қатынас салдарынан орын алғанын айтқан.
Құзырлы орган Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.