ШҚО-да құтқарушылар суға батып бара жатқан адамды аман алып қалды
Ер адам суда тұрған бұталардан ұстап үлгерген
Өскемен қаласында «Восточник-3» саяжай қоғамы ауданында облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 1987 жылы туған адамды судан алып шықты.
Куәгерлер ер адамды Ертіс өзенінде ағын алып кеткенін байқап қалған. Ол суда тұрған бұталардан ұстап үлгерген.
Құтқарушылар оны құтқару станциясына жеткізіп, жедел жәрдем медицина қызметкерлеріне тапсырды.
Осы оқиғаға байланысты ШҚО ТЖД жабдықталмаған орында шомылуға және суға мас болып түсуге болмайтынын еске салады.