Жамбыл облысының Меркі тауларындағы өрт сөндірілді
Тілсіз жау 350 гектар жерді алып кеткен
Бүгін таңғы сағат 7:00-де Жамбыл облысының Меркі тауларында 350 га жерде өртенген шөп сөндірілді. Өртті сөндіру кезінде аспаннан 40,5 тонна су төгілген.
Өртті сөндіру жердің күрделі рельефімен, тығыз өскен қураған шөп пен өрт ошағына жетудің күрделілігімен, су көздерінің қашықтығымен және құбылмалы жел екпінінен қиындай түсті.
Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.