Halyq Uni логотип
×

Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі сотталды

Имран Хан сыбайлас жемқорлық ісі бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылды

 Дастан Жұмабекұлы 07.08.2023 | 11:10
Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі сотталды
Фото: ашық дереккөз

Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі, оппозициялық «Әділет қозғалысы» партиясының төрағасы Имран Хан сыбайлас жемқорлық ісі бойынша 3 жылға сотталды.

Thenews порталының хабарлауынша, ол жемқорлық үшін кінәлі деп танылды. Экс-премьер мемлекет қазынасындағы 635 мың АҚШ доллары болатын құндылықтарды сатқан деп айыпталған.

Сондай-ақ сот оны 100 мың рупий айыппұл төлеуге үкім шығарған. Сот үкімінен кейін көп ұзамай Хан Лахорда тұтқындалды.

Бұрынғы премьер-министрдің қамауға алынғанын Әділет қозғалысының бас хатшысы Умар Айюб Хан да растады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама