Күрестен ӘЧ: Қазақстан екі жүлде алды

Дастан Жұмабекұлы

Еркін күрес балуандары жарысты 1 күміс және 2 қола медальмен қорытындылады

Фото: Күрес түрлері федерациясы

Түркияның Ыстанбұл қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының (U17) соңғы күнінде еркін күрес балуандары сынға түсіп, Қазақстан құрамасы 2 қола жүлде алды.

71 келідегі Нұрдәулет Сейілбеков пен 92 келі салмақтағы Самир Дурсунов қола медаль үшін болған таласта үнді балуандарынан басым түсіп, әлем чемпионатының жүлдегері атанды.

Бұл жолғы әлем чемпионатын еркін күрестен 1 күміс және 2 қола жүлдемен қорытындылады. Грек-рим және әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы жүлдеге іліге алмады.