Halyq Uni логотип
×

Батыс Қазақстан облысында үш адам суға кетті

БҚО ТЖ департаменті тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салады

 Халық үні 07.08.2023 | 07:30
Батыс Қазақстан облысында үш адам суға кетті
ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында үш адам суға кетті. Бұл туралы БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент мәліметінше, қайғылы оқиға 5 тамыз күні Бәйтерек ауданы Жайық-2 елді мекені маңында болды.

«Карьер» жасанды су қоймасында «Miami park» демалыс аймағында («Али» жеке кәсіпкерлігінің жеке жағажайы биылғы 6 шілдеде ашылған) сағат 17.40-та 16 жасар жасөспірім суға кетіп қалған. Оның денесін жедел құтқару жасағының қызметкерлері сағат 19.00-де судан шығарды.

Сондай-ақ, кеше сағат 19.11-де Орал қаласында «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ ауданында құтқарушылар 44 жастағы ер адамның денесін шығарды. Ол досымен бірге суда жүзіп жүргенде батып кеткен. Сосын оны досы Жайық өзенінің арғы бетіне шығарып қойған. Құтқарушылар мәйітті бергі бетке шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

«Тағы бір оқиға Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық округі «Дөңгелек» су қоймасында болды. 31 жастағы ер адам 4 тамыз күні сағат 22.00-де қайықпен суда жүзіп, белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Қайық судан табылған. 5 тамыз күнгі сағат 10.42-де іздестіру жұмыстары басталып, оның денесі бүгін 07.50-де табылды. БҚО ТЖ департаменті тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салады», - делінген хабарламада.

Бұған дейін облыста 6 адам суға кеткен болатын, олардың бәрі де – ересектер.        

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама