Жұмыс барысында бірден екі құрылысшы 5 қабаттан абайсызда құлап кеткен
Қайғылы жағдай Талдықорған қаласындағы жаңа ықшам аудандардың бірінде болған. Құрылыс жұмыстарының барысында екі жас жұмысшы абайсызда құлап кеткен, деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқыс оқиға облыс орталығындағы жаңадан салынып жатқан үйлердің бірінде болған.
Жұмыс барысында бірден екі құрылысшы 5 қабаттан абайсызда құлап кеткен. Жігіттер оқиға орнында көз жұмды.
Қаза тапқан жігіттің біреуі небәрі 24 жаста болған. Артында әйелі мен 2 айлық баласы қалды.
«Тергеу жұмыстары қалалық полиция басқармасына тапсырылып, прокуратура қызметкерлерінің арнайы бақылауына алынды», - делінген хабарламада.