Halyq Uni логотип
×

Қазақстанның 3 облысында 41 градусқа дейін ыстық болады

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында 35-38°С қатты ыстық, Маңғыстау облысында 38-41°С қатты ыстық сақталады

 Халық үні 06.08.2023 | 20:55
Қазақстанның 3 облысында 41 градусқа дейін ыстық болады
ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 7 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады. 

Әлі де, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр, еліміздің солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Тек Қазақстанның батысында жауын-шашынсыз ауа рыйы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, еліміздің оңтүстігінде жел шаңды дауылмен болады. Қазақстанның солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында 35-38°С қатты ыстық, Маңғыстау облысында 38-41°С қатты ыстық сақталады.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының  батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақаталады, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында  жоғары өрт қаупі күтіледі.  

Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қарағанды,Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтобе облыстарының орталығында оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама