Жол апатының нақты қалай болғаны, кімнің кінәлі екені белгісіз
Шығыс Қазақстан облысында тасжолда жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Жол апаты 3 тамыз күні Күршім ауданының аумағында болған.
«Күршім-Қалжыр» тасжолының 99-шақырымында Nissan Teana маркалы автокөлік пен КамАЗ соқтығысты. Соның салдарынан жеңіл көліктегі 4 жолаушы, оның ішінде 2023 жылғы сәби сол жерде көз жұмды», – делінген ақпаратта.
Жол апатының нақты қалай болғаны, кімнің кінәлі екені белгісіз.
Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.