Қазақстанның 10 облысында 40 градус ыстық болады
Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында 40-42°С өтте қатты ыстық күтіледі
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 5 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігі әлі де тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауып, найзағай болады. Қазақстанның оңтүстігінде, батысында жауын-шашынсыз ауа рыйы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді. Республиканын солтүстігінде, солтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі, күндіз солтүстік-шығысында бұршақ жаууы, дауыл болуы ықтимал.
Күндіз Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Ақтөбе, Абай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде 35-39°С қатты ыстық, Жамбыл, Маңғыстау облысының оңтүстігі мен солтүстік-батысында 38-40°С қатты ыстық сақаталады.
Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында 40-42°С өтте қатты ыстық күтіледі.
Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтобе облысының орталығында, Атырау облысының батысында, шығысында, Ақмола облысының онтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.