Заңсыз жүрген Африканың 11 азаматы елден шығарылды
137 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Алматы полициясы рейд кезінде елде заңсыз жүрген Африканың 11 азаматын анықтады.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, олар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен олар Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде Қазақстанның көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 10 елдің 137 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 23 шетел азаматы елден шығарылды.
Құжаттары жоқ шетелдің 52 азаматы қабылдау орындарына орналастырылды.