×

«Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалағандардың бірі қайтыс болды

Барабаншы Александр Литвинов 75 жасына қараған шағында өмірден өтті

 Дастан Жұмабекұлы 04.08.2023 | 13:18
Фото: Instagram.com

Бүгін түнде 75 жасына қараған шағында «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалағандардың бірі Александр Литвинов қайтыс болды.

Ол 1967 жылдан бері ансамбльдің барабаншысы болған.

Қайғылы хабар «Дос-Мұқасан» тобының Instagram парақшасында жарияланды.

Бүгін түнде 75 жасқа қараған шағында Александр Литвинов Михайлович Литвинов өмірден өтті. Ол біздің ансамблінің негізін қалағандардың бірі болды. Барабаншы болып өнер көрсетті.

Оның балаларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыра отырып көңіл айтамыз. Ол біздің жүрегімізде шыншыл, адал, жанашыр, мейірімді азамат болып қала береді, – делінген жазбада.

«Дос-Мұқасан» ансамблі – 1967 жылы Қазақ политехникалық студенттерінен құрылған өнер тобы. Ансамбльдің аты оның негізін қалаған өнерпаз студенттердің қысқартылған атымен аталған.

«Дос» – ансамбльдің лидері Досым Сүлееевтің, «Мұ» – Мұрат Құсайыновтың, «Қа» – Хамит Санбаевтың және «Сан» деген Александр (Саня) Литвиновтың атының қысқартылған түрімен аталған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама