Алматыда алапат өрт болды

Халық үні

Оқиға орнында жеке құрам қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жұмыс істеп жатыр

фото: Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі

Алматыда жанар-жағармай құйылған автоцистерна отқа оранды. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 

Ведомство мәліметінше, бүгін кешкі сағат 20:20 шамасында Жетісу ауданына қарасты Ангарская көшесі 97 А мекенжайындағы өрт туралы хабарлама түскен.

«Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жоғары рангі бойынша өрт сөндіру жұмыстарына жұмылдырылды. Жетісу ауданында жанар-жағармай құйылған автоцистерна отқа оранды. Өрттің жақын орналасқан вагон типті цистерналарға, резервуарға таралу қауіпі бар», - деп хабарлады ведомствадан.

Оқиға орнында жеке құрам қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жұмыс істеп жатыр. Жедел штаб құрылып, көрші резервуарларды салқындатуға өрт оқпандары берілді. Өртті сөндіруге 28 техника мен жеке құрамның 80 адамы жұмылдырылды.