16 салық төлеушіге 1,6 млн теңге көлемінде төленген салық төлемдері қайтарылды
Жетісу облысының прокуратурасы жүргізген жұмысының нәтижесінде бюджетке 34 млн теңгеден астам сомаға қате төленген салықтар Кәсіпкерлерге қайтарылды.
Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап, – ред.) қоршаған ортаға ең аз шығын келтіретін кәсіпорындар (IV санаттағы операторлар) салық төлеуден босатылды.
Алайда IV санаттағы операторларға жататын 90 кәсіпкер жоғарыда аталған салықтарды төлеуді жалғастырған.
Прокуратура актісі бойынша облыстың мемлекеттік кірістер департаменті 16 салық төлеушіге 1,6 млн теңге сомасында төленген салық төлемдерінің сомасын қайтарып берді. Қалған 74 кәсіпкер бойынша сомалар міндетті салықтардың басқа түрлеріне есептелді.