Қарағанды облысында дүкеннен ақша ұрланып кетті
19 жастағы жас жігіт күдікке ілінді
Қарағанды облысы Саран қаласының полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан белгісіз адамның өзіне тиесілі дүкеннен 700 мың теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткені туралы арыз келіп түсті.
Полицияға хабарласқан дүкен иесінің айтуынша, ол күн сайын кассадан ақшаны алып кетіп жүрген. Бірақ сол күні ол жұмыстың көптігінен ақшаны алуды ұмытып кеткен.
Мен дүкенге келгенде терезенің темір тор көзін сынып жатыр екен. Соған қарағанда ұры темір торды сындырып, ақшаны әкеткен, – деді ол полицияға.
Осыдан кейін тәртіп сақшыларымен ұрыны іздестіріп, осы іске қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 19 жастағы ауыл тұрғынын ұстады. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тәртіп сақшылары күдіктіні оқиға орнында қалған аяқ ізі арқылы анықтаған. Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта тәртіп сақшыларымен күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.