×

Конституциялық кеңеске Назарбаевтың тарихи рөлі туралы норманы алып тастау ұсынылды – Ерлан Қарин

Ерлан Қарин Конституциялық норма қоғам игілігі үшін жүргізіліп жатқанын атап өтті

 Халық үні 04.05.2022 | 20:30
фото: ашық дереккөзден

Конституциялық кеңеске Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан тарихындағы рөлі туралы мәртебе беретін норманы Конституциядан алып тастау жөнінде өтінім жіберілді. Бұл туралы мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Тelegram-арнасында жазды. 

Оның айтуынша, бұл - ел мен ұлт болашағы үшін ерекше маңызы бар конституциялық реформаны жүзеге асырудың маңызды кезеңдерінің бірі. 

«Бүгін Конституциялық Кеңес ел Конституциясына түзетулер енгізу жобасын жақтайтын қорытынды шығарды. Бұл Конституциялық реформаны іске асырудың ең маңызды, ел мен ұлт болашағында мәні зор кезеңдерінің бірі. Конституциялық реформа билік тармақтарының арасындағы теңгерімді оңтайландырып, халықтың мемлекетті басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтеді және азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуын күшейтеді. Сондай-ақ жұмыс тобының кейбір мүшелерінің пікірін ескере отырып, Конституциялық Кеңеске Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қатысы бар норманы алып тастау туралы қосымша өтінім жолданды. Жұмыс тобы мүшелерінің пікірі бойынша, Тұңғыш Президенттің тарихи рөлі жалпыға мәлім және оны Конституцияда жекелеп бекіту қажет етпейді», - деп жазды Е.Қарин. 

Сонымен қатар, ол Конституциялық норма тұтастай мемлекеттік-саяси модельді трансформациялауға бағытталған және қоғам игілігі үшін жүргізіліп жатқанын атап өтті. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама