Halyq Uni логотип
×

Қарағандыда 1 млн доллар пара беруге итермелеген күдікті сотқа тартылды

Оған ақшалай қаражатты жымқыруға әрекет жасады деген айып тағылды

 Дастан Жұмабекұлы 03.08.2023 | 14:39
Қарағандыда 1 млн доллар пара беруге итермелеген күдікті сотқа тартылды
Фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша күдікті К. Алтаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол кәсіпкерді аса ірі мөлшерде пара беруге итермеледі деп айыпталуда. Күдіктіге Қарағанды облысындағы кен орнын иемдену үшін жер қойнауын пайдалану келісімшартын ұзарту үшін лауазым иелеріне берілетін 1 млн АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражатты жымқыруға әрекет жасады деген айып тағылды.

Айыпталушы К. Алтаев сотқа тапсырылды.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, –  делінген Антикордың хабарламасында.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама