Әзірше спортшыларымыз медаль кестесінде 10-орында келеді
Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы Дүниежүзілік ойындарда Қазақстан құрамасының қоржынына тағы екі жүлдемен толықты.
Бүгін ерлер арасында жекпе-жектен өткен жарыстың жартылай финалында Бексұлтан Қоскенов (60 кг) Ма Йигуден 0:2 есебімен ұтылып, қола жүлдені иеленді.
Әйелдер арасында Айгерім Төреханова (60 кг) жартылай финалда түркиялық Берне Туттан жеңіліп қалды.
Қазір Қазақстан спортшылары 13 медаль алып отыр. Оның ішінде 1 алтын, 5 күміс, 7 қола жүлде бар.
Жазғы Универсиада 28 шілдеде басталған. Ол 8 тамызға дейін болады. Жарыста 90 отандасымыз спорттың 10 спорт түрінен сынға түсіп жатыр.
Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде оныншы орында тұр. Көшті Қытай құрамасы бастап келеді. Олар 50 (30-10-10) медаль иеленді. Одан кейінгі орындарға 39 (15-12-12) жүлдемен Оңтүстік Корея мен Жапония спортшылары жайғасты. Күншығыс елінде 32 (14-8-10) медаль бар.