Ертіс өзені көк түске боялды

Дастан Жұмабекұлы

Өзенге флуоресцентті бояғыш зат төгілген деген болжам бар

фото: Константин Шелков

Павлодарда Ертіс өзенінің көк түске боялған себебі анықталды. Бұл туралы облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Мағзұм Кукумбаев айтты.

Ертіс өзенінің көк түске боялуына байланысты талдаулар алынып, олар үш зертханада қаралды. Сараптаманың қорытындысы бойынша сынамаларда шекті рұқсат етілген концентрация және ауыр металдар анықталмады.  Өзенге флуоресцентті бояғыш зат төгілген деп болжап отырмыз. Себебі оның иісі мен зиян қасиеттері жоқ, – деді Мағзұм Кукумбаев. 

Оның айтуынша,  өзенге бояуды төккен адамдар табылмады. Бұл іспен полиция айналысады.

Еске сала кетсек, шілде айының соңында әлеуметтік желіде Усолка жағажайында Ертіс өзенінің саласы көк түске боялғаны туралы видео таралған еді.