29 жастағы ер адам ұрлық үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылған
31 шілдеде Қарағанды облысында орналасқан қауіпсіздігі орташа №31 мекеменің әкімшілік ғимаратының аумағында жұмыс істеп жүрген жерінен сотталған азамат қашып кеткен. Ол ҚР ҚАК 119 және 136-баптарына сәйкес мекеменің күзетілетін аумағында орналасқан объектіде жөндеу жұмысын жүргізген.
Түрмеден қашқан азамат бірнеше сағатта ұсталды. Оны жедел қызметкерлер ұстады.
Қазір Қарағанды облысының полиция департаменті ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 426-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Тергеу барысы және өзге де мәліметтер жария етілмейді.
Сонымен қатар Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тексеруді бастады.
29 жастағы ер адам ұрлық үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылған.