Halyq Uni логотип
×

Қарағанды облысында сотталған азамат түрмеден қашып кетті

29 жастағы ер адам ұрлық үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылған

 Дастан Жұмабекұлы 02.08.2023 | 14:57
Қарағанды облысында сотталған азамат түрмеден қашып кетті
Фото: ашық дереккөз

31 шілдеде Қарағанды облысында орналасқан қауіпсіздігі орташа №31 мекеменің әкімшілік ғимаратының аумағында жұмыс істеп жүрген жерінен сотталған азамат қашып кеткен. Ол ҚР ҚАК 119 және 136-баптарына сәйкес  мекеменің күзетілетін аумағында орналасқан объектіде жөндеу жұмысын жүргізген.

Түрмеден қашқан азамат бірнеше сағатта ұсталды. Оны жедел қызметкерлер ұстады.

Қазір Қарағанды облысының полиция департаменті ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 426-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Тергеу барысы және өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Сонымен қатар Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тексеруді бастады.

29 жастағы ер адам ұрлық үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама