Ол 31 шілдеде сағат 11.00 шамасында Дихан ауылындағы үйінен шығып, содан қайтып оралмаған
Мақтаарал аудандық полиция бөліміне 1985 жылы туған Гүлсім Нарджигитованың жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Ол 31 шілдеде сағат 11.00 шамасында Дихан ауылындағы үйінен шығып, содан қайтып оралмаған.
Әйелді іздеуге полиция бөлімінің жеке құрамы шықты. Оның киім киісі жазылған, фотосуреттері бар ақпарат барлық қалалық және аудандық полиция бөлімдеріне жіберілді. Жергілікті тұрғындардан құрылған еріктілермен бірге әйелдің баруы мүмкін барлық жақын аумақтар тексеріліп жатыр.
Дихан ауылында аудан әкімі, прокуратура, аудандық полиция бөлімі басшылығы, ауылдық билер, мешіт имамы мен ауыл әкімі бас болып жасақталған штаб құрылды.