×

Досаев Ақкентте болған өртте көз жұмған әйелдің отбасына көңіл айтты

Алматыда 16 қабатты үйден өрт шығып, 200-ден астам адам эвакуацияланды

 Халық үні 02.08.2023 | 08:39
фото: tengrinews.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев Ақкентте болған өрт салдарынан көз жұмған әйелдің отбасына көңіл айтты. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қайрат Жармұхамедұлы мен Жұмагүл Жұмашқызы, сіздердің қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын! Әселдің өмірден мезгілсіз өтуі сіздер үшін ғана емес, барлық алматылықтар үшін орны толмас ауыр қайғы. Туған баласынан айырылу ата-ана үшін өте ауыр. Орны толмас ауыр қазада сіздерге сабыр мен төзімділік тілеймін. Сіздердің қыздарыңыз, Әселдің әпкесі Айжанның тезірек сауығып кетуін тілеймін. Оның толық сауығуы үшін барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі, - деді Досаев.

Еске салайық, Алматы қаласындағы Ақкент шағынауданы, 54 мекенжайында болған өрт салдарынан 1 адам көз жұмып, 43 адам зардап шекті. 16 қабатты үйде болған өрттен төтенше жағдай қызметкерлері 200-ден астам адамды эвакуациялады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама