Қостанай облысында бір отбасының төрт адамы қайғылы жағдайда көз жұмды
8 және 9 жастағы екі бала оқиға орнында жан тапсырды
Тобыл өңірінде жол апатынан бір отбасының 4 адамы қаза тапты. Қайғылы оқиға «Қостанай-Введенка» тасжолында болған, деп хабарлайды Astana TV.
Телерарна хабарлауынша, «Мерседес» көлігін мінген 28 жастағы жүргізуші рөлді басқара алмай, қарсы бағытқа шығып, ВАЗ-2110 көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан ВАЗ жеңіл көлігінде отырған 32 жастағы жүргізуші, 29 жастағы әйелі, 8 және 9 жастағы екі бала оқиға орнында жан тапсырды.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті көлік жүргізушілерді жол ережесін сақтауға шақырады, деді облыстық ПД ЖПҚБ басшысының орынбасары Мақсат Ойықбай.