Жедел штаб құрылып, өрт оқпандары берiлдi
Алматыда 16 қабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Ведомство мәліметінше, сағат 17:10-да ТЖД күш-құралдары Алатау ауданы «Ақкент» ықшамауданында орналасқан 54-ші үйге шұғыл аттанған.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті. Олар 16 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтер ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Қазір адамдар эвакуацияланып жатыр,- деп хабарлады ведомстводан.
Жедел штаб құрылып, өрт оқпандары берiлдi.
5-6-қабат деңгейінде лифт шахтасында электр кабельдері тұтанды. Өрт сөндіру сатылары қойылды. Оқиға орнына 50 адам мен 14 техника жұмылдырылды, - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД.