Шабуылдың болғанын РФ Қорғаныс министрлігі де растады
Мәскеу мэрі Сергей Собянин «Москва-Сити» мұнарасына дрон құлағанын мәлімдеді. Тағы екі дронды әуе қорғаныс күштері жойып жіберген.
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, Внуково әуежайы жұмысын штаттық режимде жалғастырып жатыр.
Әуе қорғаныс күштері Мәскеуге шабуыл жасамақ болған бірнеше ұшқышсыз аппаратты жойды. Бірі Ситидегі мұнараға жеткен. 21-қабаттың қасбетіне зақым келді. 150 шаршы метр әйнек қираған, – деп жазды Сергей Собянин.
Шабуылдың болғанын РФ Қорғаныс министрлігі де растады. Ведомство мәліметінше, Мәскеу түбінде екі дрон жойылса, үшіншісі «Москва-Сити» аумағына құлаған.
1 тамызға қараған түні Мәскеу мен Мәскеу облыстарындағы нысандарға дрондармен жасалған террористік шабуылдың жолы кесілді. Украиналық екі ұшқышсыз аппарат Одинцовск пен Нарофоминск аудандарында жойылды. Тағы біреуі радиоэлектронды күрес құралдарымен дронның байланысын үзіп, салдарынан басқарудан айырылған соң «Москва-Сити» кешеніндегі адамдар тұрмайтын ғимаратына құлады, – делінген ақпаратта.
Бұған дейін 30 шілдеде екі дрон «Москва-Сити» кешеніне шабуыл жасаған. Салдарынан екі кеңсе ғимаратының қасбеті қирады.