Тамыз айына арналған ауа райы болжамы жарияланды

Халық үні

Айдың бірінші онкүндігінде ауа температурасының шамалы төмендеуі болжанады

ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК тамыз айына арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің болжамынша, тамыз бастала салысымен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі.

Айдың бірінші онкүндігінде ауа температурасының шамалы төмендеуі болжанады:

республиканың   солтүстігінде,    орталығында,    шығысында    түнде

+12+22°С-тан +10+18°С-қа дейін, күндіз +30+35°С-тан +22+30°С-қа дейін,

оңтүстік өңірлерде түнде +20+27°С-тан +18+23°С-қа дейін, күндіз

+34+42°С-тан +28+35°С-қа дейін төмендейді.

Еліміздің батысында ауа температурасының түнде +13+20°С-тан 20+25°С-қа дейін, күндіз +25+30°С-тан +33+41°С-қа дейін; оңтүстік-батыста түнде +20+25°С-тан + 25+30°С-қа дейін шамалы ауытқуы күтіледі, күндіз ауа температурасы +30+40°С шегінде сақталады.

Тамыздың екінші және үшінші онкүндіктерінде республика аумағында барикалық түзілімдердің кезектесуі байқалатын болады. Ыстық және құрғақ күндер салқын және жаңбырлы, кейде найзағай мен бұршақпен ауысып отырады. Ауа температурасы солтүстік аймақтарда түнде +13+20°С-тан +8+15°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +23+30°С-қа дейін ауытқуы, оңтүстік және батыс аймақтарда ауа температурасы түнде +13+22°С, күндіз +28+38°С күтіледі.