Универсиада: Елжаңа Таниева күміс және қола жүлдегер атанды
Дзюдошы Бекарыс Сәдуақас, нысана көздеуден Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев пен Никита Шахторин де үшінші орыннан көрінді
Гимнасшы Елжаңа Таниева Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Универсиадада Қазақстан құрамасына бір күміс, бір қола жүлде жеңіп алды.
Ол доп және таспа жаттығуында күміс жүлдені, шығыршық жаттығуында қола жүлде иеленді. Сөйтіп, доппен ойын көрсету сайысында екінші орынға ие болды. Ал бірінші және үшінші орынды Венгрия мен Украинаның спортшылары жеңіп алды.
Одан басқа Универсиадада садақшы Диана Тұрсынбек финалда оңтүстіккореялық Чой Ми Суннен 2:6 есебімен жеңіліп қалды. Дзюдошы Бекарыс Сәдуақас (100 кг) қола жүлдегер атанды. Ол үшінші орын үшін күресте франциялық Кенни Левезені жеңді.
Ел құрамасында қола медальді шағын калибрлі винтовкадан ату шеберлері Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев пен Никита Шахторин, тез атылатын тапаншадан ату дисциплинасында Никита Чирюкин алды.
Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин винтовкадан 10 метрге оқ атудан командалық жарыста үшінші орынды дәл көздеді.