Жарылыстан 88 адам қаза тапқан. Жараланғандар саны 200-ге жуықтаған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан президенті Ариф Алвиге елдің солтүстік-батысында болған лаңкестік шабуыл салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Президент Қазақстан халқының және жеке өз атынан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтты. Сндай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Пәкістанда жарылыстан 88 адам қаза тапты. Жараланғандар саны 200-ге жуықтаған.