Осылайша, спортшы алғаш рет ең ірі табысқа жетті
Әлемнің 412-ракеткасы Денис Евсеев Астанада Президент кубогы үшін челленджер турнирінің жеңімпазы болды. Ол жарыста үшінші ракетка болып тіркеліп, дүниежүзілік рейтингіде 570-орында тұрған Өзбекстанның өкілі Хумаюн Сұлтановпен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші сетте Денис Евсеев 0:5 есебімен ұтылып жатып, қатарынан жеті геймді алып, 7:5 есебімен алға шықты.
Екінші сетте өзбекстандық спортшы 6:2 есебімен есе қайтарды.
Үшінші, шешуші партияда Денис Евсеев 4:2 есебімен алға шыққанымен, Хумаюн Сұлтанов таразы басын теңестірді. Есеп - 4:4. Осы кезде ол сол аяғынан жарақат алып қалды. Соған қарамастан, Евсеев барын салып, қайта брейк жасады. Есеп - 5:4. Ал ойын бітер кезде матчқа доп бергенде, ол өз мүмкіндігін жіберген жоқ. Қорытынды есеп 7:5, 2:6, 6:4 болды.
Осылайша, Денис Евсеев алғаш рет ең ірі табысқа жетті.