Halyq Uni логотип
×

«Қазмырыш» қалдығы ШҚО-дағы Филиповка өзенін ластаған

Тау-кен байыту кешеніне жоспардан тыс тексеру басталды

 Халық үні 31.07.2023 | 13:45
«Қазмырыш» қалдығы ШҚО-дағы Филиповка өзенін ластаған
фото: gov.kz

Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысындағы Филиповка өзенінің ластануы туралы видео жарияланды. Осыған қатыст ШҚО бойынша экология, балық инспекциясы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Риддер қаласы әкімдігі және «Қазмырыш» ЖШС өкілдері тексеру жүргізді.

Өзеннің ластануына «Қазмырыш» ЖШС Риддер тау-кен байыту кешенінің қалдық қоймасына пульпа құбырының жарылуы әсер еткен. Нәтижесінде пульпа төгіліп, кейін өзенге тараған.

Экология департаментінің қызметкерлері химиялық талдау үшін су сынамасын (ластану көзінен 500 метр жоғары және ластану көзінен 500 метр төмен) алды. Қазір сынама талданып жатыр.

Осыған қатысты экология департаменті «Қазмырыш» ЖШС-ға жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама