Оның бұрынғы әйелі Дайсурис дель Кармен Васкес те қамауға алынған
Колумбияның бас прокуроры ел президентінің ұлы Густаво Петроны ақшаны жылыстату және заңсыз байлық жинады деген күдікпен ұстады.
Николас Петро есірткі сатушылардан ақша алып, оны Колумбия президенті – әкесінің саяси қызметі мен сайлау науқанына жұмсады деген айыппен қамауға алынды.
Күдікті тағылған айыпты жоққа шығарып отыр. Бірақ биыл көктемде басталған тергеуге көмектесуге келісті.
Тергеуде Николас Петроның бұрынғы әйелі Дайсурис дель Кармен Васкес те қамауға алынған.
Оның әкесі Густаво Петро колумбиялық есірткі саудагерлерінен ақша алғанын жоққа шығарды. Ол өзі наурыз айында прокурорларға ұлын тергеуге бұйрық берген еді.