Пәкістанда лаңкес 88 адамның өмірін қиды

Еркеғали Болатұлы

Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны көбеюі мүмкін

фото: ашық дереккөз

Пәкістанда жарылыстан 88 адам қаза тапты. Жараланғандар саны 200-ге жуықтаған.

Жарылғыш затты жанкешті-лаңкес іске қосқан. Шабуыл исламдық партияның сайлауалды митингі кезінде болды.

Ол шараға негізінен 500-дей адам жиналған. Қауіпсіздік күштері қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны көбеюі мүмкін екенін ескертіп отыр.

Оқиға болған жер қоршауға алынды. Шабуылды әзірге ешқандай топ мойнына алған жоқ.